2025 жылдың қаңтарынан бастап зейнетақы өседі

2025 жылдың қаңтарынан бастап зейнетақы өседі
(0 Votes)

 Қаржы министрлігі "2025-2027 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" заң жобасын қоғамдық талқылауға шығарды.

Қазақстанның Қаржы министрлігі 2025 жылдың қаңтарынан бастап ең төменгі зейнетақы мен айлық есептік көрсеткіш (АЕК) өсетінін хабарлады.

"2025-2027 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" заң жобасы "Ашық НҚА" порталында қоғамдық талқылауға шығарылды.

Жоба мақұлданса, 2025 жылы:

ең төменгі жалақы – 85 мың теңге ($176);

АЕК – 3932 теңге (8,1 доллар);

ең төменгі зейнетақы – 62 771 теңге (130 доллар);

ең төменгі күнкөріс деңгей– 46 228 теңге (95,7 доллар);

ең төменгі базалық зейнетақы төлемі – 32 360 теңге (67 доллар) болады.

Сонымен қатар жасы мен еңбек өтілі бойынша зейнетақы төлемін 8,5%-ға арттыру жоспарлануда.

АЕК-тің өсуі көптеген процеске әсер етеді. Олар: бала туған кезде төленетін біржолғы төлем, жұмыссыздық бойынша жәрдемақы, уақытша еңбекке жарамсыздық бойынша жәрдемақы, балалар жәрдемақысы және алимент.

Салыстыру үшін 2024 жылы:

ең төменгі жалақы – 85 мың теңге ($176);

АЕК – 3692 теңге (7,6 доллар);

ең төменгі зейнетақы – 57 853 теңге (119,8 доллар);

ең төменгі күнкөріс деңгейі – 43 407 теңге (89,9 доллар);

ең төменгі базалық зейнетақы төлемі – 28 215 теңге (58,4 АҚШ доллары).

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT