Атырау облысы Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының қолдауымен “Таза Қазақстан” жалпыұлттық акциясы және Наурызнаманың онкүндігі аясында Жаңару күнінде “Менің атаулы ағашым” атты ағаш отырғызу шарасы өтті.
Бұл игі дәстүрден №44 мектеп-гимназиясының мұғалімдері мен оқушылары да қалыс қалмады.
Мұғалімдер мен оқушылар мектептің ауласын тазалап, ағаштар отырғызды.
Айта кетелік, бұл күні барша азаматты ортақ мақсаттарға жету жолында бірігуге және көктемгі ағаш егу дәстүрін жалғастыруға үндейді.