Мұнай-газ секторы үшін 2024 жыл оңай болмады. Өндіріс жоспары өз деңгейінде орындалған жоқ және мұнай бағасы өткен жылдармен салыстырғанда төмендеді.
Сөйтіп, бюджетке және салық түсімдеріне кері әсерін тигізді. Сондай-ақ осы бағытта біраз жобаларды қаржыландыру мәселесі де әлі нақтыланған жоқ.
Өткен жылдағы ең жағымды жаңалық – Атырау облысындағы полиэтилен зауытын қаржыландыру мәселесінің шешілуі. Бұл өте ірі, кемі 1 000 адамды жұмыспен қамтамасыз ететін, жылына 1,25 млн тонна полиэтилен өндіретін зауыт болмақ. Кәсіпорынның іске қосылуы импортталатын полиэтилен көлемін отандық өніммен алмастыру және қосылған құны жоғары өнім экспортын ұлғайтуға жол ашады. Геологиялық барлау сегментінде де біраз жаңалық бар. Әлемдік деңгейдегі мұнай табысының 2%-ы біздің елдің үлесінде. Салық түсімдерінің 40%-ы мұнай-газ секторынан түсіп жатыр. ОПЕК-ке мүше ел ретінде мұнай өндіру немесе барлау жұмыстарын мүмкіндігінше шектеуге тырысамыз. Газ өндіру сегментінде жаңа формула – ынталандыру формуласы іске қосылды. Енді газ өңдейтін зауыттар кемі өз өнімдерін 120 доллармен экспорттай алады. Бұрын оның мөлшері 30-40 доллар болатын. 2025 жыл мұнай-газ секторындағы жаңа мүмкіндіктерге жол ашатынына сенемін.