Тәртіпбұзушылыққа жол берілмейді

(0 Votes)

Қарулы Қүштердің Әскери полициясы басқармасының игі бастамасын Мақат ауданы қорғаныс істері жөніндегі бөлімі сәтті  орындап, өңірдегі әскери құқықбұзушылық  деңгейін күрт төмендетті.

Әскери қызметтен босатуға заңды негiздер болмаған кезде осы қызметке шақырылудан жалтару – бір мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бір жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

  1. Мынадай:

1) өзiнiң денсаулығына зиян келтiру арқылы;

2) аурумын деп жалған сылтаурату жолымен;

3) жалған құжат жасау немесе өзге де алдау арқылы жасалған дәл сол іс-әрекет – үш мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Оқу дәрістері барысында әскери қызметшілердің әкімшілік құқықбұзушылықтары олардың жанұяларына тікелей әсерін тигізетінін, айыппұл төлеу ол әр әскери қызметшінің қаржылық жағдайына мейлінше әсер ететіндігі, яғни өз жанұясына апаратын жалақысының бірнеше мөлшерін керек емес затқа жұмсайтындығы түсіндірілді.

Ал жеке көлігі бар әскери қызметшілер арасында жол-көлік тәртібін бұзу және жолда басқа көліктермен соқтығысып қалу сияқты да жағдайлар кездесіп жатыр. Ол да болса, әскери қызметшілердің жанұяларына қатты зиянын тигізуде. Айыппұл төлеу, біреудің көлігін жасау және өз көлігін жасау, ол айналып келгенде отбасылық бюджетке тіреледі. Одан басқа жол-көлік оқиғалары кезінде жарақат алып, ауруханаға түсіп жатқан жағдайлар да жеткілікті. Осындай түрлі жағдайларды болдырмаудың амалы - тәртіп бұзбау.

Бауыржан Момышұлы «Тәртіпсіз ел болмайды, тәртіпке бас иген құл болмайды!» дегендей, қоғамдық орындарда темекі шегуге тыйым салуды бұзумен қоғамдық тыныштықты атап айтқанда жаяу жүргіншілерге белгіленбеген жерден жолды кесіп өту, көшелерде қоқыс тастау және басқа да қоғамдық орындарда алкогольдік ішімдіктерді ішу немесе қоғамдық орындарға адамның қадір-қасиетін түсіру және имандылықты қорлайтын масаң күйде келу, жекелеген қоғамдық бұзу жәйттері алдын алынып, түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Қазіргі таңда, Атырау гарнизоны әскери полиция бөлімшесінің қызметкерлерінің тиянақты атқарған профилактикалық іс-шараларының нәтижесінде әскери бөлімдер мен мекемелерде әскери қызметшілердің құқық бұзушылықтары төмендеп, әскери тәртіптің жағдайы жақсаруда.

 

Азамат АКИШЕВ,

 Атырау гарнизоны Әскери полиция бөлімшесінің

офицер- уәкілі

әділет лейтенанты

Фото: ашық дереккөз

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521