Өрт құрсауындағы өмір

(0 Votes)

"Жаман айтпай, жақсы жоқ" жалыны бет қаратпайтын "тілсіз жау" тұтқиылдан тап бергенде  білетініміз «101»- ке жүгіну ғана. Ал, бұл адамдардың кім екеніне, мойындарына артқан жауапкершіліктің қаншалықты ауыр екеніне үңіліп көрдік пе?

   " Доссор маңында қатты жауын болып жүк толы пойыз аударылып, отқа оранды. Жиырма келіге жуық жауынгерлік киіммен үш километрдей жерге ми батпақпен жаяу барып, тәулікке жуық арпалыстық " деп еске алады есте қаларлық оқиғасын Азаматтық қорғау старшинасы Избасов Асылбек Сәрсенғалиұлы.

3

2002-2004 жылдар аралығында "Қаракемерде" Отан алдындағы борышын өтеген ол әскери дағдының артықшылықтарына қанығып, осы жолда қызмет етуге қызығушылығы оянады. Әскерден келген кездері алғашқы игерген кәсібі дәнекерлеуші болғасын, Атырау қаласында алты айға жуық еңбек етіп, сол жылдардағы табыстың тұрақсыздығы Асылбекке де әсер етпей қоймайды. Темірдей тәртіпке әбден машықтанған азаматты ауылында да әскери жұмыс күтіп тұр еді. Осылайша ол ойланбастан, қатардағы өрт сөндіруші қызметіне білек сыбана кірісіп кетті. Жұмысының қызығы мен шыжығын қатар көре жүріп, 2009 жылдың қыркүйегінде бөлімше командирі болып сайланды.

4b23bedc-d4a0-469f-8b3d-e7e664327aa2

  Тағайындалған жерінен тындырымды істерімен көзге түскен Асылбек Сәрсенғалиұлы 2016 жылдың шілдесінде газ түтінінен қорғау қызметінің аға шеберіне ауысты. Ал бұл дегеніңіз, қалың түтіннің арасына лап қоятын жауынгерлерді таза ауамен қамтамасыз етуші адам деген сөз. Жауынгердің жабдығын қарауыл кезегіне келгеннен қолына табыстап қана қоймай, оны оқиға орнында өзі бағыттап, реттеп отырады.  Балонның босап қалмауы, олардың өрт жағдайында қанша уақытқа дейін жарамды екенін анықтайтын да тап осы қызметкер.

4

Арнайы үш адамнан құралған буын арқылы олар қалың түтінге еніп кеткен жауынгерге балонындағы ауаның қанша мөлшерде қалғандығын рация арқылы хабарлап отырады. Осылайша алдымен адам өміріне араша түсетін өрт сөндірушілер, үлгергенінше маңызды деген құжаттарды, қымбат деген мүліктерді өз кезегімен қауіпсіз аймаққа көшіре береді. Өрт өшіріліп, айнала тынышталғаннан кейін де Асылбектің жұмысы біте қоймайды. Ол енді құрал-жабдықтың бәрін түгелдей тестілеу аппаратына салып, жарамдылығын қайта қарап шығады.

4221eadc-bd75-4518-9e4a-3d06a087869d

  Өрт сөндіруші болуы үшін адам алдымен өзінің кеудедегі қорқынышын сөндіре білуі керек дейді кейіпкеріміз. Тілсіз жау кенеттен лап қойғанда, ойланып тұруымызға мұрша бермейді. Бұл жерде көзсіз батырлық қажет. Әңгіме барысында әріптестері де Асылбек туралы жағымды пікірлерін білдіріп, өз араларындағы ең тәжірибелі маман ретінде сөз қозғады. Оның еңбектегі өлшеусіз қызметі мемлекет тарапынан да ескерусіз қалған емес. «Өртке қарсы қызмет органдарындағы мінсіз қызметі » № 3 дәрежелі медалімен, «Қазақстан Республикасы ішкі  істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетіне 20 жыл », «Қазақстан полициясына 25 жыл » , «Өрт күзетіне 100 жыл», «Қазақстан Республикасы Конституция күніне», «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне» мерекелік медальдарымен марапатталған.

 

А.САДЫКОВ

суреттер автордікі  

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT