Отты жылдары борышын өтеді

(1 Vote)

Еліміздің Тәуелсіздік алғанына 28 жыл толды. Одан бері де бірнеше жылды артқа тастағанымызбен, ауған соғысының халық жүрегіне салған жарасы әлі жазыла қойған жоқ. Он жылға созылған соғысқа «басты міндетім – Отан қорғау» деп түсінетін Кеңес елінің азаматтары аттанды. Бұл қырғынға қазақтың да намысты азаматтары қатысып, жас өмірлерін құрбан етті. Солардың қатарында ауғанның отты жалынын көрген Түгелбай Жанаманов та болды.

«Жылма-жыл ақпан айының ортасында біз ауған соғысында қаза тапқан жауынгерлерді еске алып, олардың рухтарының алдында бас иеміз. Өйткені, бұл соғыста 18-19 жастағы өрімдей жас жігіттер жазықсыздан-жазықсыз құрбан болды», – деп бастады әңгімесін ауған соғысының ардагері Түгелбай Темірбайұлы.                        

1989 жылдың 23-26 ақпандағы «Тайфун» операциясы кеңес әскерлерінің ауған жеріндегі он жылға созылған соғыстағы ең ақырғы шайқасы болғаны мәлім. Ақпанның 4-і күні кеңес әскерінің соңғы бөлімі Кабулдан шығады. Ал 15 ақпанда 40-шы әскердің қолбасшысы, генерал-лейтенант Б.Громов Термез қаласында «Кеңес әскерлері Ауғанстан жерінен толықтай шықты» деп басшылыққа баяндайды. Осылайша, қазақ отбасына да қаншама қасірет әкелген айдаладағы Ауғанстан соғысы аяқталған болатын.             

Жанаманов Түгелбай әскерден келген соң 1980 жылы тамыз айында Мақат локомотив пайдалану депосында жұмысын қайта жалғастырады. Бүгінде осы мекемеде тепловоз жөндеушісі болып қызмет етеді.                                                                                       

Жары Фарида екеуі көз қуанышы қызының ертеңіне сенеді. Ол  мұғалім мамандығы бойынша білім алып жатыр.

Ауған соғысы ардагері соғыстағы ерен еңбегі үшін «КСРО Қарулы Күштеріне -70 жыл», «Интернационалист-жауынгерге Ауғанстан халқынан алғыс», «Ұрыс әрекеттерінің ардагеріне», «Кеңес әскерінің Ауғанстаннан шығарылғанына 15,20 жыл» медальдарымен, КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының грамотасымен марапатталған. 

Толығырақ газетіміздің кезекті санынан оқи аласыз!

М.ІЗТҰРҒАНОВА

фото: ашық дереккөз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT