От ішінен оралған Оңғарбай

(2 Votes)

Бейбіт күннің қадірін бұл кісілерден артық кім ұғынған? Алаңсыз асыр салар бозбала шағында иығына қару асынып, қиыр асып қараңғы түнекке беталды бағытталғаннан артық қандай қорқыныш бар? Біреу бұл соғысты алыптардың ойыны десе, біреу коммунистерге жасалған көмек деп сипаттайды. Кейіпкеріміз туралы азды-кем әңгіме өрбітпестен бұрын қолымызға "Жартасты жасанған жасақ" деген кітап алдық. Ашып кеп жібергенде көзімізге келесідей жолдар түседі...

"... Ауғанстанда және онымен көршілес елдерде Құрама Штаттарының әскери-экономикалық әсері көзге көрінердей күш алып бара жатқаны келешекте Совет Одағының өзіне қауіп төндіруі әбден мүмкін еді. Сонымен, совет әскерін Ауғанстанға енгізу Совет Одағының логикаға сыйымды, төнер қауіптің алдын алатын іс-шара болды. Ал сырт көзге оғаш болмасын деп, әскердің енгізілуін Ауғанстан басшылығы және Х.Аминнің өз басы жеке, Үкіметке қарсы көтерілген күштерге тойтарыс беру үшін мемлекетке әскери көмек керек деп сұрауымен түсіндірілді."   Сұрапыл соғыстың саяси сипаттамасына тісіміз бата қоймағасын осылай азды-кем кітапқа жүгініп, отты жылдардың қайнап жатқан шағында Ауған жерінде әскери борышын өтеген жерлесіміз Оңғарбай ағамызбен тілдестік.

1958 жылы 9 желтоқсанда Ескене  кентінде теміржолшы отбасында дүниеге келген Оңғарбай Досымұлы 1974 жылы Доссорда мектеп-интернатын бітіріп, Гурьев теміржол техникумына жол қозғалысы мамандығы бойынша оқуға түседі. 1978 жылы техникумды бітіргеннен кейін, қазан айында КСРО Қарулы Күштері қатарына шақырылып, алғашқы жылы Германияның Шверин қаласында жаяу әскер полкінде болады.

1980 жылдың 25 қаңтарында Кеңес әскерінің Ауғанстандағы шектеулі контингенті құрамына аттанады. Әңгіменің қызған тұсы да осы жер. Ауған соғысының жылнамасына көз жүгіртсек, қырғынның көп болған жылдары да осы кезеңдерге сәйкес келеді екен. Ағамыз аяғын ауған жеріне  басар-баспастан қанды қырғынға куә болады. Соғыс ошағына Иран арқылы өтіп келе жатқан жасаққа жолшыбай ұшырасқан жергілікті шейіттермен көзді ашып-жұмғанша қарулы қақтығыс басталады да кетті...

Толығырақ газетіміздің кезекті санынан оқи аласыз!

А.САДЫКОВ 

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521