Түскі мезгілде, аудандық полиция бөлімінің кезекшісіне Мақат кенті, Н.Шағырова көшесінде орналасқан екі қабатты үйлердің бірінен «Пәтер есігі құлыптаулы тұрғанына біраз болды. Оның үстіне жағымсыз иіс шығады» деген хабар түсті.
Лезде шақырту орнына АЦ-3,2-40 ЗиЛ (4331) автокөлігімен жеке құрамнан 3 адам және №8 өрт сөндіру бөлімі бастығының у.м.а аға лейтенанты Ә.Амангелдин барды.
Хабар жеткен уақыттан 9 минут өткенде оқиға орнына жеткен құтқарушылар 18/5 үйдің №15-пәтерінің есігі 3 тәулік бойы кілттеніп тұрғандығын, кілті бұзылып қалғандығын білді. Құтқару тобы дереу үш иінді сатымен екінші қабатқа көтеріліп, 1970 жылы туған ІІ-топтағы мүгедек, Б.Б. есімді жұмыссыз азаматты сыртқа шығарды. Есікті сыртқы жағынан холматро құрылғысымен ашып берді.
Өз тілшіміз.