Қытайдың Шулань қаласында коронавирус өршіп тұр

(0 Votes)

Өткен тәулікте құрлықтық Қытайда бірде-бір коронавирус жұқтыру оқиғасы тіркелген жоқ, дейтұрғанмен, Қытайдың солтүстік-шығысындағы Шулань қаласында жағдай мәз емес.

ҚазАқпараттың жазуынша, кеше Шуланьда (Цзилин провинциясы, солтүстік-шығыс Қытай) 16 адам коронавирус жұқтырған (11 мамыр). Жергілікті БАҚ бұл індеттің қауіптілігі Шулань қаласында кластерлік инфекцияның көзі әлі анықталмай жатқанында деп жазуда.

Бүгінгі таңда Шулань эпидемиологиялық қауіп-қатердің жоғары деңгейі жарияланған ҚХР-дағы жалғыз қалаға айналды. Қалаға карантин енгізіліп, оның тұрғындары коронавирустың өршуіне байланысты толық оқшаулануға қайта оралды.

«Жалпы алғанда өткен тәулікте (2020 жылдың 11 мамырдағы сағат 24:00-дегі жағдай бойынша) құрлықтық Қытайда бірде-бір коронавирус жұқтыру жағдайы тіркелмеген. Індеттен қайтыс болу оқиғасы да жоқ», – деп хабарлады ҚХР Денсаулық сақтау істері жөніндегі мемлекеттік комиссия.

Ауру жұқтырудың жаңа оқиғалары сырттан әкелінген. Коронавирустың 15 симптомсыз жағдайы анықталған. Эпидемия басталғалы құрлықтық Қытайда COVID-19 жұқтырғандар саны 82 919 адам. 78 171 адам қауіпті вирустан емделіп, ауруханадан шығарылған. 4633 адам коронавирустан қайтыс болған. Ел ауруханасында 115 адам коронавирустан ем қабылдауда. 10 науқастың жағдайы ауыр деп бағаланған.

turkystan.kz

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT