Пойызда шылым шеккен 79 адам айыппұл төледі

(0 Votes)

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Ішкі істер министрлігінің көліктегі полиция департаментінің қызметкерлері жыл басынан бері қоғамдық орында шылым шеккен 2700 қазақстандыққа айыппұл салды. Бұл туралы ҚазАқпарат департаменттің дерегіне сілтеме жасап хабарлайды.

«Жыл басынан көліктегі полиция өкілдері құқық бұзған 39 793 адамды әкімшілік жауапкершілікке тартты. Оның ішінде қоғамдық орында темекі шеккен 2719 азамат бар. Мысалы, 19 қыркүйекте «Маңғыстау-Ақтөбе» бағытындағы жолаушылар пойызында шылым шеккен 2 ер адам жауапқа тартылды. Оларға қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзу кодексінің 441-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, әрқайсысына 3 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынды», - делінген ресми мәліметте.

Еске салсақ, 28 тамыздан бастап Қазақстанда жолаушылар пойызында темекі шегуге толық тыйым салынған. Осы аралықта көлік полицейлері тыйымға құлақ аспаған 79 адамды жауапқа тартқан.

Материал: ашық дереккөзден

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газетке Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде тіркелгені жөнінде 2018 жылдың 16 мамырында №17098-Г куәлігі берілген.

Атырау обл, Мақат кенті, С.Мұқашев к-сі, 36. makat70@mail.ru 
8 (712)39 3 07 66

Әлеуметтік желілеріміз