Жастардың кәсіпкерлік бастамаларына жылдық өсімі 2,5 пайыздық шағын несие беріледі. Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы 1 қыркүйектегі Жолдауында осылай деп айтты. Бұл – кәсіп ашамын деген жастарға мемлекет тарапынан беріліп отырған үлкен мүмкіндік.
Президент бұл турасында: «Жастарға жан-жақты қолдау көрсету - мемлекетіміздің басты міндеттерінің бірі. Еңбекпен қамтитын түрлі шаралар арқылы келесі жылы 100 мың жасқа жұмыс беруіміз керек. Жастардың кәсіпкерлік бастамаларына қолдау көрсетіле бермек. Оларға жеңілдетілген тәртіппен жылдық өсімі 2,5 пайыздық шағын несие беріледі. Бұл шаралар қоғамның барынша үйлесімді әрі әділетті болуына ықпал етеді",-деді.
Осындай жағымды жаңалықтан соң елімізде кәсіп ашатын жастар қатары артары сөзсіз. Өйткен мұндай мүмкіндіктерді жас буындар қалт жібермеу керек. Мемлекет басшысы жалпы жастар саясатына, жұмыссыздық мәселеліне аса ден қойған. Бұған дейін де жастаға әр түрлі жұмыс беру мүмкіндіктері ұсынылса, бұл жолғы қолдаудың жөні тіптен бөлек болғалы тұр.
Райымбек Исламов,
"AMANAT" партиясының консультант маманы