Отбасындағы ойран ойлантады

(0 Votes)

Отбасы – қоғамның тірегі. Десек те, отбасылық зорлық-зомбылық сол қоғамның жанды жарасы екені жасырын емес. Міне, осы мәселенің Жолдауда арнайы айтылуы көп жанға ой салуы тиіс деп білемін. Тәртіп сақшысы болғандықтан, жұмыс барысында осы мәселемен жиі бетпе-бет кездесуге тура келеді.

«Отбасылық зорлық-зомбылықты қылмыс санатына жатқызу мәселесі қоғамда көптен бері талқыланып жүр. Құқық қорғау органдары бұл ұсыныстың дұрыс екеніне күмәнмен қарайды. Себебі, мұндай тұрмыстық жағдайларды анықтау оңай емес, яғни осындай оқиғаларды тергеп-тексеру қиынға соғады. Бұл сөздің де жаны бар. Бірақ қалай десек те, отбасылық зорлық-зомбылыққа көз жұма қарауға болмайды. Отбасында ойран салатындар жазаға тартылмаса, олар одан бетер басынып кетеді. Ал жапа шеккендер мүлдем қорғаусыз қалады.

Мұндай әрекеттер үшін жазаны күшейтетін кез келді деп санаймын. Зардап шеккен жандар елдің сөзінен немесе біреудің қысым жасауынан қорықпауы қажет», деді Мемлекет басшысы.
Мұндай мәселелер біздің ауданда да жоқ емес. Осыған байланысты ауданда профилактикалық әңгімелер айтылып, зәбір шеккен адамдарға түсіндірме жұмыстары жүргізіледі. Биылдың өзінде 2 азаматшаны облыстағы дағдарыс орталығына жіберуге тура келді.

Қалай дегенде де отбасын ойран қылатын тұрмыстық зорлық-зомбылық әрекеттердің жолын кеспек керек. Ол үшін жазаның қатайтылуы маңызды. Сөйтіп, жаза күшейсе, қылмыстың азаюына алып келеді деген ойдамын.

 

Кәмшат Серікбаева,

жергілікті полиция қызмет бөлімшенін әйелдерге қатысты зорлық- зомбылықтан қорғау жөніндегі инспектор

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT