Мұғалімдер мен оқушыларға түсіндірме жұмыстары жүргізілді

(0 Votes)

Мақат ауданының аумағында ағымдағы айдың 16-21 күндері «Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа жол жоқ!» акциясы өтіп жатырғандығы жөнінде хабарланған болатын.

Аталған жоба аясында аудандық полиция бөлімі жергілікті полиция бөлімшесінің әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықтан қорғау тобының инспекторы полиция капитаны Кәмшат Серікбаева алдымен қолайсыз отбасылардың мекен-жайларын аралаған еді.

Бүгін «Тұрмыстық зорлық зомбылыққа жол жоқ!» жедел профилактикалық іс-шарасы бойынша Мұса Баймұханов пен Латип Шахатов мектептерінің мұғалімдері мен оқушыларына түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар оларға сенім телефоны көрсетілген брошюралар таратылды.

Жергілікті құқық қорғау органдары тарапынан қоғамдағы өзекті проблеманың алдын алу жұмыстары тұрақты түрде жалғасын тауып тұрмақ.

                                                                                                                          К. Серікбаева                                                                                                                      полиция капитаны

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521