«Самұрық-Қазына» қоры тұрғындармен кездеседі

(0 Votes)

2022 жылдың 21 қыркүйек сағат 14:30-да Атырау қаласында, 23 қыркүйек сағат 15:00-де Жылыой ауданында «Самұрық-Қазына» қорымен тұрғындар арасында ақпараттық-түсіндіру кездесуін өткізу жоспарлануда.

Іс-шараға «Самұрық-Қазына» АҚ, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ, «Қазпошта» АҚ, AIX және KASE қазақстандық қор биржаларының және брокерлік-дилерлік ұйымдардың өкілдері қатысады.

Сарапшылар қоғамды Қордың жекешелендіру бағдарламасының және портфельдік компаниялардың IPO-ның іске асырылу барысымен, оның ішінде бірінші IPO-кандидаты – «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ компаниясына қатысты негізгі ақпаратпен таныстырады.

«Самұрық-Қазына» АҚ мақсаттарының бірі - барлық қазақстандықтардың IPO-ға қатысуын қолжетімді ету. Үкіметтік Жекешелендіру жоспарын іске асыру шеңберінде, Қор Қазақстан Республикасының азаматтарына өз активтерін бәсекелес ортаға шығару тетіктері және елдің ірі компанияларының IPO-ға қатысу мүмкіндіктері туралы толық ауқымды ақпарат тарату болып табылады.

Өтетін орны:

Атырау қаласында: Сафи Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университеті, Балғымбаев орталығы. Мекен жайы: Мұса Баймұханов көшесі 45А.

Жылыой ауданында: «Кең Жылыой» Мәдениет үйі. Мекен жайы: Махамбет даңғылы 37.

Сайт әкімшілігі

ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫ

biblioteka-pervogo-prezidenta-kz

Соңғы жаңалықтар

Референдум

r

COVID-19 инфекциясы

logo

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газетке Қазақстан Республикасы Ақпарат және
коммуникациялар министрлігінде тіркелгені жөнінде
2018 жылдың 16 мамырында №17098-Г куәлігі берілген.

Атырау обл, Мақат кенті, С.Мұқашев к-сі, 36.
makat70@mail.ru 
8 (712)39 3 07 66

 

 

Яндекс.Метрика