Қиын балалардың тәртібіне кім жауапты?

(0 Votes)

Аудан әкімдігінде аудан әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандар құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия отырысы өтті.

Жиынға аудандық білім беру бөлімінің басшысы Алмабек Абдолов төрағалық етті. Сондай-ақ, отырысқа комиссия мүшелері қатысты.Аудандық полиция бөлімінің, жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі инспекторы Кәмшат Серікбаева ішкі істер органдарының есебінде тұрған қолайсыз отбасылармен жүргізілген жұмыстар туралы баяндамасында ҚР ІІМ-нің 2014 жылғы 15 шілдедегі №432 бұйрығына сәйкес Мақат АІІБ-нің Біріктірілген деректер базасы қолайсыз отбасы санатымен барлығы 16 отбасы, олардың 46 жасөспірім балалары есепке алынғанын айтып өтті. Ауданда жалпы жүргізілген мониторингке сәйкес барлығы қамқорлыққа алынған 81, жартылай жетім 156, аз қамтылған 446, көпбалалы 778 отбасынан шыққан жасөспірімдер бар екені баяндалды.Отырыс барысында кәмелетке толмағандар арасындағы проблемалық сұрақтар талқыланып, оның шешу жолдарын табу көзделді. Сондай-ақ, кәмелетке толмағандардың арасында қылмыстың алдын алу және алдын ала сақтандыру шаралары қарастырылды.

Материалдық толық нұсқасын газеттен оқи аласыздар

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT