Атырау облыстық полиция департаменті Асылбек Досжанов пен Әсет Бисенбаевты алғыс хатпен марапаттады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Атырау облыстық полиция департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Асылбек Досжанов ҚР ҰҚК шекара қызметі 2016 әскери бөлімінің қызметкері. Олар балаға азғындық іс-әрекеттер істеді деген күдікке ілінген ер адамды ұстауға көмектесті. 30 жастағы Әсет Бисенбаев Атырау мұнай өңдеу зауытында жұмыс істейді.
Сондай-ақ, қызмет бабында жүріп, ерлік танытқан құқық қорғау органдары қызметкерлері де марапатталды. Ұрлық деректерін дер кезінде ашқаны үшін Қуандық Сабыров пен Ернар Қожаберген полиция департаментінің басшысынан алғыс хат алды.
Марапаттау рәсімі полицейлер сапқа тұру кезінде болды.
Tengrinews.Kz