Атыраулық кәсіпкерге мемлекеттік кірістер органдары әкімшілік кедергілер келтірген

(0 Votes)

Атырау облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметіне кәсіпкер облыстық мемлекеттік кірістер департаментінің лауазымды тұлғалары 5,4 млн теңге көлемінде депозитті қайтарудан бас тартуына қатысты жүгінді.

Ақпан айында ол Қытайдан кедендік декларациялау рәсімінен өткен тауар сатып алды. Өз кезегінде, салық органының қызметкерлері құны мен барлық құжаттарды одан әрі тексеру үшін 5 802 717 теңге (357 423,42 теңге бюджетке аударылды) мөлшерінде депозит енгізу туралы талап берді.

Депозит енгізілгеннен кейін ҚР ҚМ МКК басқа құн бойынша баж және ҚҚС қосымша төлеу қажеттігі туралы шешім шығарды. Кәсіпкер келісіп, қарыз сомасын төлеп, депозиттің қалған сомасын қайтару туралы өтініш жолдады. Алайда, 2 аптадан астам уақыт ішінде ол депозитті қайтара алмай жүр.

Осыған байланысты, қазіргі уақытта кәсіпкер жыл сайынғы корпоративтік табыс салығын ақша қаражатының жеткіліксіздігіне байланысты төлей алмай жүр, бұл өз кезегінде өсімпұлдың пайда болуына және төлемнің кешіктірілуіне әкелуі мүмкін.

Департамент уәкілетті органға ұсынымдар жолдап, депозитке салынған ақшалай қаражат қайтарылды.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT