Доссор-Құлсары тас жолында жол апаты болды

(0 Votes)

20 мамыр күні сағат 02:20 шамасында Доссор-Құлсары-Бейнеу тас жолының 133-ші шақырымында Toyota Ipsum көлігі мен Камаз жүк көлігі соқтығысқан. Жол апаты салдарынан Toyota Ipsum автокөлігі өртеніп кеткен. Toyota Ipsum автокөлігінің жүргізушісі мен 3 жолаушысы қаза тапқан. 2 жолаушысы түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілген.

Қазіргі таңда аталған дерек бойынша тергеп-тексеру басталды.

- Жол қозғалысының қауіпсіздігін сақтау - адам өмірін сақтау. Жүргізушілерге өзінің және өзгенің қауіпсіздігіне немқұрайлы қарамаңыздар деп тағы да ескертеміз. Бүгін түнде төрт адамның өміріне балта шабылған жол апаты орын алды. Арасында 4-5 жас шамасындағы бүлдіршін бар. Қаза тапқандардың жеке басын анықтау жұмыстары жүргізілуде, әзірге тек Өзбекстан елінің азаматтары екендігі ғана белгілі. Toyota көлігінің жүргізушісіне жыл басынан бері 10 хаттама толтырылған. 8 хаттама жол қозғалысы кезінде жылдамдықты шамадан тыс арттырғаны және 2 хаттама қауіпсіздік белдігін тақпағаны үшін толтырылғаны белгілі болып отыр. Аталған құқық бұзушылықтар жол қауіпсіздігіне тікелей әсер ететін факторлар. Барлық жүргізушілерге жолдағы жауапкершілікті естен шығармауын ескертемін, - деді Атырау облысы ПД жанындағы патрульдік полиция ротасының командирі полиция капитаны Әділбек Шахметов.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT