Жылыойлық спортшы дзюдодан ел чемпионатында топ жарды

Жылыойлық спортшы дзюдодан ел чемпионатында топ жарды
(0 Votes)

Жылыойлық Гүлхан Шыңғысхан – Қазақстан Республикасының күміс жүлдегері, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

11-16 ақпан күндері аралығында Тараз қаласында дзюдодан 2005-2007 жылы туған ұл-қыздар арасында жастар арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионаты өткен боалтын. Аудандық әкімдіктен білгеніміздей, еліміздің 17 облысынан 600-ге жуық спортшы қатысқан додада №1 Жылыой аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің спортшысы Гүлхан Шыңғысхан 52 келі салмақ дәрежесінде бақ сынап, жүлделі ІІ орынды иеленді. Жеңімпаз спортшының бапкері – дзюдо және самбо күресінен Қазақстан Республикасының спорт шебері, №1 Жылыой балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің біліктілігі жоғары деңгейдегі жаттықтырушысы Жаңылсын Абайқызы Көптілеуова. Аталған чемпионат қорытындысы бойынша 2025 жылы халықаралық ареналарда ел намысын қорғайтын Қазақстан жастар құрамасы жасақталады.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT