Республикаға жолдама алды

Республикаға жолдама алды
(0 Votes)

 Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев: «Қазір салауатты өмір салтын насихаттап, бұқаралық спортты дамыту айрықша маңызды. Әсіресе, балалардың спортпен айналысуына жағдай жасау қажет. Мұның бәрі халықтың денсаулығын жақсартуға мүмкіндік береді» - деп айтқандай, қазіргі таңда бұқаралық спортты дамытуға ерекше көңіл бөлінуде. 

Осы мақсатта Атырау облыстық Білім беру басқармасы Әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен оқушылар арасында гандболдан облыстық лига өтті. Аталмыш жарысқа ауданымыздан Х.Санбаев атындағы орта мектептің 7-8 сынып оқушыларынан құралған «Ұшқыр доп» командасы қатысып, жүлделі I орынға ие болды. Жалпы лигада «Ұшқыр доп» құрамасы 9 қарсылас командамен кездесу өткізіп, финалдық кезеңде қызылқоғалықтапды айқын басымдылықпен жеңді. Осылайша аудан мерейін үстем етіп, алдағы уақытта өтетін республикалық лигаға жолдама алды.

Жас гандболшыларының толағай жетістігіне Х.Санбаев атындағы орта мектебінің дене шынықтыру мұғалімі, жаттықтырушы Бақытжан Сұлтанов та дән риза.

Ендеше аудан намысын республикалық кезеңде қорғайтын спортышыларымызға сәттілік тілейміз!

Ж.Қамза

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT