Мақатта Халықаралық мүмкіндігі шектеулі жандар күніне орай мәдениет үйінде «Мен өмірге ғашықпын» атты өнер фестивалі ұйымдастырылды.
Мүмкіндігі шектеулі балалардың өнерге деген ынта-ықыласын артты¬ру, өмірге деген оң көз¬қарасын қалыптастыруды көздеген өнер байқауын ашқан кент әкімі Б.Жайкин өнер жолындағы қадамарына сәттілік тіледі. Жеткіншектер қолдан жасаға¬н бұйымдар мен сурет көрмесін ұсынды. Сахнада шешендік өнер, вокалдық шығармашылық, би мен көркем шығармашылық та ұсынылды. Ерік-жігері мол жандар мүмкіндіктің шектеулі болғанымен, рухтың асқақ екенін дәлелдеді. Шара соңында мәдениет үйі басшысы К.Тулебаева қатысушыларға алғыс хат және естелік сыйлықтар табыстады. Елімізде көмекке зәру балалардың тағдыр¬ына алаң¬даушылық білдірген мұндай қайырым¬дылық істердің қолға алынуы қиындықтарға қарсы күресіп, баласының он екі мүшесінің кемдігін бүтіндеуге тырысып жүрген жандардың көңіліне медеу болары сөзсіз.
Г.ИГІЛІКҚЫЗЫ
Сурет автордікі.