Жерлесіміз жеңіс тұғырында!

Жерлесіміз жеңіс тұғырында!
(0 Votes)

Алматы облысы, Қонаев қаласында өткен “ОCTAGON 77” кәсіпқой жекпе-жек кешінде жерлесіміз Ишан Галиев айқын жеңіске жетті.

61 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен спортшымыз қырғызстандық Абдуллу Нурмухамедұлын алғашқы раундта-ақ қылғындыру әдісімен жеңіп, өзінің мықтылығын тағы бір дәлелдеді.

«Кешегі кеште мен үшін маңызды жекпе-жек болды. Мен жеңіске жеттім, бірақ, бұл жетістік – тек менің ғана емес, бүкіл командамның үлкен еңбегінің нәтижесі.

Жаттықтырушыларыма кәсібилігі, төзімділігі және маған сенгені үшін шын жүректен алғыс айтамын. Жанкүйерлерге қолдауларыңыз үшін алғысымды білдіремін. Октагонда сіздердің энергияларыңызды сезіндім. Әлі талай биіктер алда», - дейді чемпион.

Айта кетейік, Ишан Галиевтің жеңісінде оның тәжірибелі бапкерлері Галиев Мейрам мен Галиев Исламның еңбектері орасан зор.

 

Ә.ҚАСЫМ

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT