Жас аяқдопшылар жарады

Жас аяқдопшылар жарады
(0 Votes)

 Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауларының бірінде бұқаралық спортты дамыту мәселесіне баса назар аударған болатын. 

Осы ретте мұнайлы өлкемізде футбол спортын дамытуға көп көңіл бөлініп келеді. Соның нәтижесінде жас футболшылар облыстық, республикалық турнирлерге қатысып, аудан намысын қорғап жүр.

Жақында Жылыой ауданы Құлсары қаласында 2010-2011, 2012-2013 жылы туған жасөспірімдер арасында футзалдан «JIGER CUP» республикалық ашық турнирі өтті. Турнирге Доссор балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің спортшылары қатысып, жеңіс тұғырынан көрінді.

Тартысты өткен ойынның нәтижесінде Доссор БЖСМ-нің 2010-2011 және 2012-2013 жылы туған жасөспірімдер командасынын құралған екі команда да III орынға ие болып, қола медалді еншіледі.

Сондай-ақ, турнир қорытындысы бойынша, 2010-2011 туған жасөспірімдер арасында Мерей Жасұлан «Үздік ойыншы» номинациясымен, 2012-2013 жылы туған жасөспірімдер арасында Нұғметияр Бақытжан«Үздік қақпашы» атағына ие болды.

Осы ретте жас футболшылардың жеңісінде бапкері Еркебұлан Бөрібаевтің еңбегі зор екендігін айта кеткеніміз жөн.

Өз тілшіміз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT