Жақында Ақтау қаласында футзалдан MAF республикалық ашық турнир өтті.
2012-2013 жылы туған кіші жасөспірімдер арасындағы бәсекеде Доссор балалар жасөспірімдер спорт мектебінің командасы жүлделі бірінші орынды жеңіп алып, мұнайлы мекеннің мерейін үстем етті.
Сондай-ақ, жекелей номинация бойынша команда мүшесі Мадияр Жақсылық «Үздік қорғаушы» атанып, команда жаттықтырушысы Ербұлан Бөрібаев «Үздік бапкер» аталымына ие болды.
Ендеше, барған жарыстарынан жеңіссіз қайтпайтын аяқдопшыларға жеңісті күндерің көп болсын дейміз!
МТ