Жарқынбек - ел чемпионатының жүлдегері

(0 Votes)

Самбо - Олимпиадалық спорт түрлеріне кіре қоймаған күрес түрлерінің қатарындағы ең танымалы.

Ол жапондық дзюдо мен джиу-джитсудың негізінде өткен ғасырдың 20-30 жылдары Кеңес Одағында пайда болған. Алғашында күштік құрылымдардың қылмыскерлерді құрықтауына арналған спорт кейін бұқаралық сипат алып әлем бойынша кең тарады. Сөзбе-сөз аударғанда - «қарусыз қорғану» деген мағынаны білдіреді.
Ұқсастықтары көп болғандықтан дзюдоға қатысатын балуандар самбодан да сынға түсіп жатады. Сондықтан ауданымызда самбоның бөлек секциясы жоқ. Бірақ бәсекеден бой көрсеткен спортшыларымыз бағы мен бабы қатар шауып, жақсы нәтижелерді көрсетіп жүр. Мысалы, өткен аптаның бейсенбі-сенбі күндері Ақтау қаласында өткен 2006-2007 жылдары туған жасөспірімдер арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионатында 88 келі салмақ дәрежесі бойынша жарысқа қатысқан Жарқынбек Мейрамбекұлы ІІІ орынды қанжығасына байлады. Ол осыған дейін дзюдодан облыстық чемпионаттарда жүлдегер атанып жүрген болатын.
Балуанның бапкері Ерлан Шынтасовтың айтуынша, Мейрамбектің екі спорт түрінен де алар асулары алда.


А.Есжан

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521