Мақаттық оқушы ұлттық ойыннан жеңімпаз атанды

(0 Votes)

Жетісу облысында ауыл жасөспірімдерінің IV жазғы ойындары өтуде. Биыл ауыл балалары 12 спорт түрі – шағын футбол, волейбол, баскетбол, көгалдағы хоккей, қазақ күресі, асық ату, тоғызқұмалақ, армрестлинг, грек-рим күресі, дзюдо, еркін күрес пен үстел теннисінен өзара кім мықтыны анықтап жатыр.

Төрт жылда бір рет өтетін жасөспірімдер арасындағы байрақты бәсекеге 14 облыстан 3000-ға жуық 2007-2009 жылдары туылған жас спортшы бақ сынауда.

Бес асықтан командалық сайыста Атырау облысының қыздары қарсыластарының барлығынан басым түсті. Ақтық бәсекеде қыздар Қостанай, Қызылорда және Түркістан облыстарының өкілдерін 2:1 есебімен жеңген болатын. Облыс құрамасы сапында төрт қыз бақ сынады. Олардың сапында жерлесіміз, М.Баймұханов атындағы орта мектебінің 6 сынып оқушысы Амангүл Мұхитова болса, қалғандары Жылыой ауданының тәрбиеленушілері. Ойынға облыс құрамасын дайындаған М.Баймұханов атындағы орта мектебінің дене тәрбиесі пәні мұғалімі Мейрамгүл Жұмағалиева.

Ал, ұлдар арасында асық атудан ауданымыздан М.Баймұханов атындағы орта мектебінің оқушылары Мақсот Ұлан, Нұрәділ, Халел Аманғалиұлы және Х.Санбаев атындағы орта мектебінің оқушысы Абылай Сәрсенбай қатысып, командалық есеп бойынша оныншы орынға жайғасты. Жас асықшылардың жаттықтырушылары Еркін Мұхамбетжанов және Мұрат Қайыров оқушыларынан зор үміт күтеді.

Аудан спортшылары ауыл жасөспірімдерінің IV жазғы ойындарында асықтан бөлек, еркін күрес және шағын футболдан бақ сынайды.

М.СЕРІКҚЫЗЫ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521