Жақсылық ұлттық құрамаға шақырту алды

(0 Votes)

"Алмас қылыш қын түбінде жатпайды",-деген. Мақат футзал мектебінен түлеп, "Атырау" командасына алынған жерлесіміз Жақсылық Амандосов ұлттық құрамаға шақырту алды. Футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Пауло Рикардо Кака 2022 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу кезеңіне қатысатын ойыншылардың тізімін жариялады. Ал, спорттың бұл түрінде өнер көрсететін өрендеріміз атынан ат үркитін азулы командалардың қатарында.

Жақсылықпен қатар ұлттық құрамаға тағы да екі командаласы шабуылшы Жомарт Тоқаев пен қорғаушы Болат Сарбасов алынған болатын. Ел біріншілігінде жігіттеріміз екі кезеңнен кейін жалпы есепте екінші орынға табан тірегенін футбол сүйер қауым  жақсы біледі.

Жерлесіміз 9 желтоқсан күні "Жақсылық Үшкемпіров" атындағы жекпе-жек сарайында Венгрия құрамасына қарсы алғашқы ойынын өткізбек. Шағын ғана кенттен шығып, кәрі құрлық бәсекесіне жол тартқан Жақсылық осылайша шын мықтыға тұсау жоқ екенін тағы бір мәрте дәлелдеді. Ағаларының жолын қуғысы келетін жас шәкірттерге бұдан артық қандай мотивация керек? Ендеше байрақты бәсекеде атой салып, мұнайлы мекеннің өр мінезін таныт!


А.САДЫКОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521