Муай-Тайшыларымыз Шымкент қаласында мықтылығын дәлелдеді

(0 Votes)

24-30 қараша күндері Шымкент қаласында Муай-Тай спортынан жасөспірімдер мен жастар арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Жарыс барлық талаптарға сай, көрермендерсіз өткізілді.

Дүбірлі додада еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған 300-ге жуық спортшы өзара мықтыны анықтады. Жас қатысушылар арасында 9 жерлесіміз облыс намысын қорғаған болатын.

muai-tai-3

Байрақты бәсекеде жалпы облыс қоржынына 14 жүлде түссе, оның тең жартысы аудан спортшыларының еншісінде. Атап айтсақ, жігерлі жас спортшыларымыз 2 алтын, 1 күміс, 4 қола медаль еншілеп қайтты.

muai-tai-1

Ринг төрінде күш сынасқан Арсен Бисенбев және Арсен Маратұлы ел чемпионатында жеңіске жетіп, алтыннан алқа тақса, Ерназар Түгелбай ақтық сынға дейін жетіп, күміс жүлдеге ие болды. Ал, Әділет Құбайдолла, Дархан Кисоллин, Нұрасыл Рысқали, Рамазан Қайратұлы қола жүлдегер атанды.

muai-tai-4

«Соңғы жеті ай бойы ешқандай жарыс өтпеген болатын. Дегенмен шәкірттеріміз жаттығуды тастамай, өз баптарын ұстауға тырысты. Бұл алдында өткен облыстық және ел чемпионаттары ең алдымен балаларға тәжірибе алмасуға аса маңызды болды. Балалар жігерленіп қайтты»,- дейді бапкер Ислам Галиев.

М.ІЗТҰРҒАНОВА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT