Жұлдызды жұп ауданымызда

(0 Votes)

Өткен аптаның жұмасы күні Мақат кентінің орталық алаңында мұнай мен газ кешені қызметкерлерінің мерекесі құрметіне үлкен концерт болды.

Кешкілік алаңға жиналған кент тұрғындары мен қонақтар эстарда жұлдыздары ерлі-зайыпты әнші, продюсер, Қазақстан жастар одағы сыйлығының және "Дарын" мемлекеттік сыйлығының лауреаты, "Құрмет" орденінің иегері Қыдырәлі Болманов пен Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Қарақат Әбілдинаның концертін тамашалауға асықты.

Көрермен Қыдырәлі мен Қарақаттың дуэтіне қол соғып, қошеметін білдірді. Әншілер өздерін жұлдызды жұп болып танытқан «Бақыттымын өзіңмен», «Ризамын саған», көрнекті композитор Ескендір Хасанғалиевтің «Бағым сен» әндерін шырқады. Бұл күні аудан орталығы түгел әсем әнге бөленгендей болып көрінді. Ғасырлардан сыр тартқан көне күмбір де, құлаққа жеткен бойда билете жөнелетін музыка да шалқыды. Жергілікті өнерпаздардың өнеріне ұласқан тамаша концерт өтті. Концерт соңын ала отшашу шашылып, мереке сәнін асырды. Қазақ эстрада жұлдыздарының ауданға сапары барысында редакциямызда болды. Қазақы дәстүрмен дәм татқан қонақтармен әңгімелесудің де реті келді. Қасиетті Ұлытау биігінен түлеп ұшқан әнші, продюсер Қыдырәлі Болманов ел алдына шығар алдында аз-кем жүрексініп, халықтың ықыласына бөлену үшін де жағымды, жайлы энергия жиып шығудың өзі бойға шабыт беріп, сенім ұялататынын айтты. Ол үшін қымыз ішуді де әдетке айналдырыпты. Отандық музыка әлеміне жаңа леп әкелген «Ұлытау» тобының ізбасарлары жөнінде сұрағанымызда: - Ол домбыра аспабының құдіреттілігін алғаш мұхит асып, мойындатқан «Ұлытау» тобы болды. Оған тең келер топ елімізде әлі қалыптаса қойған жоқ. Бірақ оның ізбасарлары тәрбиеленіп келеді,-деді. Құрманғазы, Дәулеткерей, Тәттімбет сынды қазақ күй өнерінің майталмандарының шығармалары, ақындық қуатымен қатар күйшілік құдіретін танытқан Махамбеттің күйлері, Нұрғиса Тілендиевтің туындыларын орындайтын «Ұлытаудың» мықтылығын ол қазақ өнерінде өзіндік ізі бар жоба деп бағалады. Иә, шынында да, репертуары классикалық туындылармен байи түскен топ Голливудтан гран-при жүлдесін алып келген кезде отандық БАҚ жарыса жазғанының куәсі болғанымыз да рас-тұғын. Жан жары Қарақат құрған «Қарақат» мектеп-студияларының Қазақстанның қалаларында да ашыла бастағанынан құлағдар еткен Қыдырәлі осы сапарда атыраулық өнерсүйер қауым иелерінің ішінен де бастама көтеріп, Атырауда ашу жоспарланып жатқанын айтты. Г.САЛИКОВА. Суреттерді түсірген:

Б.ЖАЛМҰХАНОВ.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT