Отбасылық концерт көрермен көзайымы болды

(0 Votes)

Халқымыз «Өнер көзі - халықта» деп бекер айтпаса керек. Ауданда ұйымдастырылып жүрген мәдени көпшілік шаралардың шырайын келтіріп жүретін өнерпаздар халық арасынан шығып, көрерменге көтеріңкі көңіл-күй сыйлап жатады.

Мұның бір куәсін отбасы күні қарсаңында аудандық мәдениет үйі алаңында «Отбасы – бақыт тірегі» атты өнерпаз отбасылар арасында гала-концертінен көрініс тапты. Шараға аудандағы отбасылық ансамбльдер, өнерпаз отбасы мүшелері атсалысып, отбасы тақырыбындағы әндер орындады. Мерекелік концерттің ашылуында аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Салтанат Хамидуллина сөз сөйлеп, барлық отбасыларды қызу құттықтады. Жанұя жылуына бөленіп, мемлекетіміздің шағын бөлшегінің баянды бақыт шуағына бөленуіне тілегін қосты. Бағдарламада Төлегеновтер, Еримовтер, Бекеновтер, Елубаевтар, Құрмашевтар, Бисахановтар отбасы мүшелері өнер көрсетіп, көрермен көзайымы болды. Шараға қатысып, өнерімен тәнті еткен жанұялық өнер топтарына аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы атынан бөлімнің бас маманы Салтанат Қожағұлова алғыс хаттар табыс етті.

Н.ЛЕНА.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT