Жастардың жігері мен қайратын күн ыстығы да бәсеңдете алмады. Аптаның дүйсенбісі күнгі веложарысты аудандық жастар ресурстық орталығы Астана қаласының 20 жылдығына арнады.
Мақат кентіндегі теміржол бөгетінен Бәйгетөбе ауылдық округіне дейінгі ара қашықтықты таңдаған 30 велосипедші белгіленген уақытта межеден табылды. Жарыс болған соң жеңімпазы да айқындалды. Ол Бауыржан Бағытов болатын. Жеңімпазға ұйымдастырушылар тарапынан арнайы сыйлық пен 20 мың теңге сертификаты табысталды. Тиісінше, II орын бойынша алған Зумрат Умаров 15 мың теңге, Рустем Шілбаев 3-орын иемденіп, 10 мың теңгелік сиртификатты қанжығалады. Өзге қатысушылар да сыйлықтан құр қалмады.
Өз тілшіміз.