Адам баласына салауатты өмір салтын ұстану – пайдалы. Соның ішінде жүгіру – денсаулықты түзетуге ең жарамды спорт түрі.
Осы аптада аудандық білім беру бөлімінің ұйымдастыруымен мұғалімдер күніне орай 2003-2004 жылғы, 2005-2006 жылы туған мектеп оқушылары арасында жеңіл атлетикадан күзгі кросс аудандық біріншілігі өтті. Салауатты өмір салтын насихаттап, жастарды дене тәрбиесімен, спортпен тұрақты шұғылдануға тартуды мақсат еткен жарысқа орта мектептерден 100-ге жуық мектеп оқушысы қатысты. Сөре Мақат желілік-өндірістік басқармасы мекемесінен бас-талса, мәре сызығы «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы ғимараты алдында белгіленді. Сөйтіп, оқушылар ұстаздарына ерекше сый жасады. Мәреге алғаш болып жеткен желаяқтарды аудандық білім беру бөлімінің әдіскері Е.Құлтаев құттықтап, жеңімпаздарды ұйымдастырушылар атынан арнайы дипломмен марапаттады.
А.ТАУМҰРЫНОВА.
Суреттер автордікі.