Облыстық спартакиадағы олжа

(0 Votes)

Аудан жастары Исатай ауданының 90 жылдығына орай ұйымдастырылған облыстық спартакиадаға барып, бақтарын сынады.

Шараға облыстың Құрманғазы, Махамбет, Исатай, Мақат аудандары мен Атырау қаласының жастары қатысты. Спартакиадаға аудандық «Жастар ресурстық орталығы» қызметкерлері мен «Жас Отан» жастар қанатының белсенділері атсалысты. Спорттық додадағы футбол, волейбол, үстел теннисі ойындарына орталық басшысы Әсел Қаржауова бастаған бір топ жастар, атап айтсақ, Ержан Шарафиев, Амандық Байниязов, Алтынбек Қосекен, Ақылбек Каримов, Арсен Елеусізов, Ислам Айтжанов, үстел теннисіне Абзал Қәпсәлімов, Ербол Құбайдоллаев, Сайфолла Сағидолла, Құрманбек Жандарбеков, Шапағат Жексеналиев, Әйгерім Жарылғасынова, Алтынгүл Есенамановалар белсенділік танытты.

Аудан жастары кіші аяқ добынан 1- ші орын, үстел теннисі мен волейбол ойынынан 2-ші орынды иеленсе, ойын барысында "Үздік шабуылшы" номинациясымен А.Каримов, "Үздік ойыншы" номинациясымен А.Қәпсәлімов және С.Сағидолла марапатталды. Атырау қаласынан бастау алған ендігі облыстық спартакиада қараша айында Мақат ауданында өткізіледі деп ұйғарылып отыр.

Л.НҰРБАЕВА.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT