Шығыстан олжалы болған «Шаттық»

(0 Votes)

Шығыс Қазақстан облысы мәдениет басқармасының ұйымдастыруымен Абай Құнанбайұлының 175 жылдығы, Нұрғиса Тілендиевтің 95 жылдығы және Шәмші Қалдаяқовтың 90 жылдығына орай хореография бойынша республикалық онлайн байқау ұйымдастырылған болатын.

Аталмыш байқауға Н.Базаркулова жетекшілік ететін аудандық мәдениет үйі жанынан құрылған Халықаралық, Республикалық байқаулардың жүлдегері «Шаттық» би тобы Нұрғиса Тілендиевтің «Құстар» әніне қойылған композициялық қойылымымен қатысты.

shattyq

Сайыста сынға түскен  46 би ұжымының ішінен 4 орын және 9 номинация тағайындалып,   «Шаттық» би тобы «Хореографиялық композицияны ең үздік стильдеу» аталымы бойынша марапат иемденді.

Ауданымыздағы өнердің көшін өрге сүйреп жүрген мың бұралған бишілерімізді кезекті жетістіктерімен құттықтаймыз!

А.Байшуақ

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521