Ақылбек дойбыдан жеңімпаз атанды

(0 Votes)

Жастар ресурстық орталығында аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен аудандық жастар арасындағы дойбыдан жарыс өтті.

Сайыс алдында қатысушылар мен бапкерлерге жастар ресурстық орталығы тарапынан мотивациялық бейнеролик көрсетіліп, 5 спортшы додаға түсті. Олар: Мақат мұнай және газ технологиялық колледжі мен Хамза Санбаев атындағы орта мектебінен.

doiby

Қорытындысына келгенде, жүлделі 3-орынды Наурызбек  Қонысбайұлы, 2-орынды Нұртас Көшербаев, ал 1-орынды Ақылбек Серікұлы иемденді.

doiby-1

Қарсыласы шақ келтірмеген Ақылбек аудандық колледждің студенті. Оқушы кезінен бастап дойбыны жаны сүйетінін және біраз уақыт қол үзіп алғаннан кейін ойнауды қайта қолға алғанын айтты. Жас өрендерімізге жеңісті жолды жалғастыра беруді тіледік.

А.Жұмабекұлы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521