Аяқ доп аламанында тілшілер

(0 Votes)

Қалам ұстаған журналистер спорттан да құр алақан емес. Әсіресе №1 спорт түрі саналатын футболдан жарыстар жиі өтіп тұрады.

Жақында «Атырау -Ақпарат» ЖШС-і ғимаратының ауласында су жаңа футбол алаңы ашылған болатын. Өткен сенбіде аталған алаңда кезекті турнир ұйымдастырылды. Спорттық шараны серіктестік директоры Ысқақ Егембердиев ашып берді.

futbol-2

Тартысқа толы бәсекеде 1-орынды «Атырау Ақпарат», 2-орынды «Каспиан Ньюс», 3-орынды «Атырау» телеарнасы командалары жеңіп алды. Сондай-ақ, өнер көрсеткендердің тізімінде аудандық газет тілшілерінен құралған «Аудандар құрамасы» және «Ардагерлер» командасы болды.

futbol-1

Жиырмадағы жігіттен, елудегі жігіт ағасына дейін жан алысып, жан беріскен футболшылар арасынан «Үздік қақпашы»  «Атырау» телеарнасының тілшісі Нұрислам Ғұмар, «Үздік шабуылшы» «Нарын таңы» газетінің тілшісі Серікбол Панаберді, «Үздік ойыншы» «Атырау Ақпарат» қызметкері Райымбек Қайрош танылды.

Ашық аспан астындағы ойындар күн райы қолайлы боп тұрғанша дәстүрлі түрде өте бермек.

А.Есжан

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521