Сазсырнайдың сырын ұққан ұстаз

(0 Votes)

Қазақтың ұлттық көне аспаптарының бірі – сазсырнай. Көлемі қаздың жұмыртқасындай сопақша етіп, тұтасымен саздан жасалатын аспапқа 3-4 жерден дыбыс ойығы болады.

Қазіргі таңда сыртын бояп, күйдіріп, аспаптың дыбыс қатарын, құрылысын, әдіс-тәсілін жасаған зерттеуші-ғалымдар ұлттық музыканың дыбысын шығаруға мүмкіндік туғызған. Бүгінде оның 5 - 6 жерден дыбыс ойықтары салынып, шеңбер аумағы 16-18 см, жалпы ұзыны 10-12 см етіп дамыта жасалынған нұсқалары орындаушылар арасында сұранысқа ие.

Аудандағы Л.Шахатов атындағы орта мектебінің музыка пәні мұғалімі Алма Абдолова 2001 жылдан бері бұл аспаптың сырына үңілуде. Республикалық конкурстардың жүлдегері атанып жүрген халық ұлт-аспаптар оркестрі мен «Мөлдір мұнай» фольклорлық ансамблінің белді мүшесі боп келетін музыка маманы ұжымдық өнерге сазсырнай аспабымен үн қосып келеді. Ол Алматы қаласына барып, консерватория мұғалімдерінен сазсырнайды ойнау әдістері туралы дәріс үйреніп, өзінің «Сазсырнай аспабын халық арасында насихаттау» тақырыбында тыныс алу ерекшеліктері туралы ғылыми әдістемелік жұмысын қорғауына мүмкіндік тапқан. Қазіргі таңда көне ұлт аспаптарын жас ұрпаққа дәріптеуде ізденісті еңбек етіп келетін ұстаздың үйретері әлі де көп.

Л.НҰРБАЕВА.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT