Бүгін NCOC компаниясының демеушілігімен Мақат ауданына қарасты Шеңгелді, Тұрлы, Білеулі және өзге де елді мекендердегі шаруа қожалықтарына 360-қа жуық малға арналған жарық шағылыстырғыш лента табысталды.
Аталған шараға NCOC компаниясының өкілдері, аудандық ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлік бөлімінің мамандары, аудандық ветеринария стансасы, жол-патрульдік полиция қызметкерлері, сондай-ақ Мақат кенті әкімдігі аппаратының өкілдері қатысты.
Іс-шара барысында ауданға қарасты шаруа қожалық иелеріне жарық шағылыстырғыш ленталардың маңызы түсіндіріліп, оларды малдың қауіпсіздігін арттыру мақсатында дұрыс қолдану бойынша нұсқаулықтар берілді.
Бұл бастама – елді мекендер мен автокөлік жолдарының қауіпсіздігін қамтамасыз етуде мал иелерінің жауапкершілігін арттырып, жол-көлік оқиғаларының алдын алуға бағытталған тиімді қадамдардың бірі.
Ж.Қамза
Суреттер автордікі