Спортшылар сенімнен шықты

(0 Votes)

Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының ұйымдастыруымен Атырау қаласында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың жүлдесі үшін VI халық спорты ойындарына облыстық іріктеу жарысы өткізілді.

Облыс шеңберінде өткен ауыл ойындарына ауданымыздан 98 спортшы қатысып 3 алтын, 9 күміс, 6 қола медальмен оралды.

Айта кетер болсақ, 78 кг салмақ дәрежесі бойынша кір тасын көтеруден І орынды иеленген Қосмурзиев Әмір жеңімпаз атанып, республикаға жолдама алса, 73 кг салмақ бойынша Абаев Аян ІІ-ші орынды еншіледі. Ал 85 кг салмақ бойынша Сәрсенбіұлы Нұркен ІІ-ші орынға лайықталды. Қол күресінен 70 кг салмақ дәрежесі бойынша Бисембай Ерболат ІІІ-ші орынды жеңіп алса, жағажай волейболынан және стритбол аудан құрамалары ІІ-ші орынға қол жеткізді.

Сол сияқты тоғызқұмалақтан III орынды Бағытжанов Есен еншілесе, воркаут бойынша II орын Қосмурзиев Әмірге бұйырды. Жазғы президенттік көпсайыстан өнер көрсеткен Құлмұханов Парасат 21-23 жас аралығы бойынша, Айтекешов Қанағат 24-34 жас аралығы бойынша ІІ-ші орынды жеңіп алса, 35-39 жас аралығы бойынша Таңқыбаев Сағындық ІІІ-ші орынды, 40-49 жас аралығы бойынша Сұлтанов Еркін ІІ-ші орынды, Туленова Амангул ІІІ-ші орынды, 60+ жас аралығы бойынша Нурмаков Марат ІІІ-ші орынды місе тұтты. Сонымен қатар, 55 кг салмақ бойынша қазақ күресінен Табылдыұлы Есімхан, 81 кг салмақ дәрежесі бойынша Шынтас Серікболсын І-ші орынды жеңіп алса, 66 кг салмақ бойынша Аманқоссов Дулат ІІ-ші орынды, 100 кг салмақ бойынша Шынтасов Ерлан ІІІ-ші орынды иеленді. Аудан намысын қолдан бермеген спортшылардың келешегіне деген үміт зор. Алдағы асуларды да абыроймен бағындыратынына сенім мол.

ӨЗ ТІЛШІМІЗ.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT