Өткен апта да Орал қаласында муайтайдан облыстық чемпионат өткен болатын. Дүбірлі дода да Доссор балалар жасөспірімдер спорт мектебінің жас муайтайшылары қатысып, аудан мерейін асқақтатып қайтты.
Нәтижесінде, Ислам Галиев және Нұрлыбек Ордабаев бапкерлік ететін 7 оқушының, 4-еуі жүлделі орындармен оралды. Атап айтқанда, Әліби Рысқұлов, Али Болатқали, Арсен Бейсенбай I орынды иеленсе, Богдан Полфунтиков II орынды қанжығасына байлады. Доссорлық муайтайшылардың қай-қай сайыста да жүлдесіз қайтпайтынын жақсы білеміз.
Әлемдік додаларда топ жарған аға буынның жалғасын, мінекей жас спортшылар да жемісті жалғастырып келеді.
Ә.ҚАСЫМ