Доссорлық дзюдошылар 29 сәуір мен 1 мамыр аралығында Құлсары қаласы, Аққыстоғай ауылында өткен республикалық жарыстан жүлделі болды.
Байрақты бәсекеге 2014-2015 жылы туған Доссор балалар жасөспірімдер спорт мектебінің 5 жас дзюдошысы қатысып, бес белдесуде де жақсы өнер көрсетті. Нәтижесінде, Азамат Бегалиев және Әділет Тынышқалиевтың шәкірті Мирас Жасұланұлы жүлделі III орынды иеленіп, қоржынды қола медальмен толықтырды. Республикалық жарыста үздік үштік қатарынан көрінген жас спортшымыз үшін бұл үлкен жетістік. Ендеше, барған жарыстарында жүлдесіз қайтпайтын споршыларымызға жеңісті күндеріңіз көп болсын дейміз!
Ә.ҚАСЫМ