Өнерпаздар Алматыдан олжалы оралды

(0 Votes)

Алматы қаласында өткен "Көңілді жаз" республикалық балалар байқауында аудандық мәдениет үйінің үйірме оқушылары бақ сынады. Аталған конкурсқа бір топ өнерпаздар ән, би, көркем сөз оқу номинациялары бойынша қатысып, өз өнерлерін көрсетті. Өнерлілер сыңға түскен дода да ауданымыздың жас өнерпаздары қарсыластарынан оза шауып, жүлдегерлер қатарынан көрінді.

Мәселен, "Шаттық" үлгілі үлкен би тобының бишілері ерекше би өнерін көрсетіп, байқаудың бас жүлдегері атанса, кіші би тобы да І орынды иеленді. Жеке би орындау бойынша да А.Жылқыбай және А.Ернұрқызына тең келер ешкім болмады. Олар дабайқаудың бас жүлдесімен мараптталды. Ән жанрына қатысқан С.Маңғыстау да бас жүлдегер атанса, көркем сөз оқу жанры бойынша А.Ғайса бас жүлде, А.Есентай, А.Сәду жүлделі І орынды иемденді. Осылайша байқауда бой көрсеткен дарындылар аудан мерейін үстем етті.
Өлкемізге олжалы оралған жас өнерпаздарды аудандық мәдениет үйінің ұжымы мен ата-аналар 18 шілде күні Мақат теміржол вокзалынан ерекше қошеметпен күтіп алды. Мақат кенті әкімінің бас маманы Г.Жаумытбайқызы айтулы өнер додасында жүзден жүйрік атанған үйірме шәкірттерін Алатаудың баурайында жеткен жеңістерімен құттықтап, жас өрендерге сәттілік пен толағай табыс тіледі.
Аудан сенімін арқалап, шәкірттерді байқауға бастап барған аудандық мәдениет үйінің басшысы К.Айтмұханқызы да өнерді бағалаған ата-аналарға риясыз алғысын білдірді.

"Біз аудан абыройын асқақтатып, атағын тағы да бір биікке көтеріп келдік. Байқауда 4 бас жүлде, екі бірінші орынды жеңіп алып, жоғары дәрежеде өнер көрсеттік. Мұның барлығы алдымен үйірме жетекшілері мен ата-аналардың жемісі. Бізге әрдайым қолдау білдіретін ата-аналар ерекше алғысымды айтамын. Осындай шәкірттердің талантын шыңдаған ұстаздардыңда еңбегі ерекше. Алар биіктеріміз бен шығар шыңдарымыз көп болсын. Әлі талай биік шыңдарды бағындыратын боламыз",- деді К.Айтмұханқызы.

ef2e33fd-8eea-48a1-be7d-a792ad435d4f

Байқауға балаларды қолдап барған ата-аналар да болды. Әрқашан өнерге жанашырлық танытып жүрген ата-ана М.Шамелқызы: "Үлкен қалаға барып, балаларымызды байқауға қатыстырып келдік. Қоржынымыз жүлдеге толы келді.

"Шаттық" би ансамблінің кіші тобы мұндай байқауға алғаш рет қатысып отыр. Тіпті облыстық байқауларға қатыспаған кішкентай бишілеріміз республикалық деңгейде өз өнерлерін ортаға салды.. Алғашқы байқау болғасын, балаларымыздан бұрын біз де қатты қобалжыдық. Сымбаты мен сұлулығы жарасқан бишілер 5 қаладан келген би тобының арасында өздерін еркін ұстады. Осы тұста, би үйірмесінің жетекшісіне, балаларды қолдаған аудандық мәдениет үйі ұжымына ерекше алғыс айтамын. Өнерпаздардың жеңісті күндері көп болсын!",- деді.

b717fc8d-11b3-4395-8995-c0dd0a430b80

Талай шәкірттердің шабытын шыңдап, өнер биігінен көрініп, биік белестерді бағындыруға өз үлесін қосып жүрген аудандық мәдениет үйі жанындағы үйірме жетекшілері К.Төлебаева, Г.Кенжиева, Н.Базарқұлованың еңбегі орасан зор. Алдына үлкен мақсат қойған жетекшілер, шәкірттерімен әлі талай шыңды бағындырары сөзсіз.


А.Таубаева

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521