Нұрседа – күміс жүлдегер

(0 Votes)

Ағымдағы жылдың 20-22 мамыр күндері дзюдодан 2007-2008 жылы туған кіші жасөспірім ұлдар мен қыздар арасында Атырау облысының іріктеу біріншілігі болып өтті.

Іріктеу біріншілігіне Доссор балалар-жасөспірімдер спорт мектебінен үш спортшы қатысты. Олар: Еркебұлан Ізтілеу, Ерқанат Салтанатұлы, Нұрседа Қабылова.
52 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Нұрседа Қабылова атыраулық споршыға есе жіберіп, исатайлық спортшыдан басым түсті. Нәтижесінде, жүлделі II орынды қанжығасына байлап, күміс жүлдені қоржынға салды. Осы тұста аудан мерейін асқақтатып қайтқан бозкілем шеберлерінің жаттықтырушысы Әділет Тынышқалиевтың еңбегін айта кеткеніміз жөн.
Ендеше, байрақты бәсекелерде топ жарып жүрген спортшыларымызға жеңісті күндерің көп болсын дейміз!

Ә.ҚАСЫМ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT