Абзал - жарыс жеңімпазы

(0 Votes)

Карантин шаралары күшейгелі сайыс атаулыны сағынып қалғанымыз жасырын емес. Бәлекеттің қарқыны бәсеңсіген тұста қаңырап тұрған спорт залдарының ішіне жан кіре бастағандай. Соның айғағы ретінде «1 Желтоқсан – Тұңғыш Президент күні» мерекесіне орай үстел теннисінен аудандық жарыс өткізілді. Жарысқа жеңі түрулі жиырма төрт спортшы қатынасып, өзара күш сынасты.

Көз ілеспес жылдамдықпен ұшқан кішкене шарды сарт-сұрт соға білу - үлкен шеберлік. Мақат балалар-жасөспірімдер даярлық клубының тәлімгері Қапсәлімов Абзалды шаң қаптырар жан табылмады бұл жарыста. Абзал бастаған жүлдегерлер көшінің артынан Б.Қанатбаев орта мектебінен қатынасқан Китенбаев Ербол ерді. Ал,  үздік үштікті   Бәйгетөбе мектеп балабақша кешенінен келген  Бағыткереев Нұрдаулет түйіндеді.

tenniss-1

Жарыс жолында жеңіс жолына жігер таныта білген спортшыларымыз да елеусіз қалмады. Дәл осы аталыммен М.Кереев, Е.Құбайдоллаев, А.Сисенов, Ш.Жакеев, Қ.Мұқашев сынды қатысушылар марапатқа ие болды.

Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлері аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі тағайындаған  диплом және медальдармен марапатталды.


А.САДЫКОВ

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT