Қытайда өтіп жатқан Универсиадада қазақстандық гимнастшы Милад Карими ел қоржынына алтын медаль сыйлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Ол кермедегі жаттығу финалында 14.800 ұпай жинап, Универсиада чемпионы атанды. Үздік үштікке Қытай және Жапония спортшылары жайғасты.
Бұл - Милад Каримидің ХХХІ жазғы Универсиададағы 3-медалі. Бұған дейін ол еркін жаттығу бойынша екінші орын және тіреп секіруден қола медаль иесі атанған еді.