Қазақстанның екінші, әлемнің 60-ракеткасы Юлия Путинцева Монреаль WTA 1000 турнирінің іріктеу сайысын сәтті бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қазақстандық теннисші дүниежүзілік рейтингте 860-орында тұрған канадалық Мия Купреспен кездесті.
Ю.Путинцева бірінші партияда 2:6 есебімен есе жібергенімен, одан кейін айқын басымдылық танытты – 6:2, 6:0.
Бір сағат 42 минутқа созылған бәсеке барысында Юлия 10 брейк-пойнттың алтауын мүлт жібермеді. Қарсыласы 3 брейкпен (7 брейк-пойнт) ерекшеленді.
Юлия Путинцева іріктеу сайыстарының финалында әлемнің 114-ракеткасы, аустралиялық Кимберли Биррелмен шеберлік байқасады. Оны жеңсе, 7 тамызда басталатын негізгі жарысқа жолдама алады.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Елена Рыбакина мен Юлия Путинцеваның Монреаль мастерс турнирінде бақ сынайтынын жазған болатынбыз.
Сондай-ақ Александр Бубликтің Торонто мастерс турниріндегі қарсыласы белгілі болды.
Александр Недовесов Аустриядағы жарыстың финалында жеңіліс тапты.