Мақат аудандық мәдениет үйінің жас өнерпаздары ұстаздарын жақсы жетістіктерімен қуантуда. Жақында олар Ақтау қаласында ұйымдастырылған Халықаралық көп жанрлы «Таланттар әлемі» атты фестиваль-байқауға қатысып қайтты. Ән, көркемсөз, театр, би жанрлары бойынша өнер көрсеткен аудандық мәдениет үйінің 22 оқушысы өз өнерлерімен көпті таң қалдырды.
Атап айтсақ, Кенжебике Төлебаева жетекшілік ететін ән үйірмесінің оқушылары Ақсүйрік Асқар мен Нұртас Амандық бас жүлде иеленді. Көркемсөз жанры бойынша Аружан Кенжебай бас жүлде, Асылы Рашидқызы мен Інжу Қараман І орын, Халиса Ыбырай ІІ орын, Ақбаян Саматқызы мен Нұрдәулет Есенжанұлы ІІІ орын жеңіп алды. Ал театр өнері бойынша Гүлжан Байсымақ ІІІ орынға жайғасты. Бұлардың барлығының жетекшісі – Гүлбаршын Кенжиева. Ал хореограф Айсара Тұраровадан дәріс алатын «Шаттық» кіші би тобы ІІІ орынға тұрақтады.
Шәкірттері бас жүлде алған жетекшілер жылдың аяғына дейін Әзірбайжан, Өзбекстан елдерінде және Ақтөбе қаласында өтетін халықаралық фестиваль-байқауларға оқушыларды 50 пайыз жеңілдікпен қатыстыратын мүмкіндік алды.
А.Жұмабекұлы