Аудан әкімі – чемпион, аппарат басшысы – күміс жүлдегер

(1 Vote)

Бұқаралық спорттың белең алуы салауатты өмір салтын дамытудағы басты алғышарт. Сол мақсатта мемлекеттік қызметшілер арасында жылма-жыл аудандық, облыстық, республикалық деңгейде спартакиадалар өтіп тұрады.

Бүгін, 23 маусым – Мемлекеттік қызметшілер мерекесі күні Жетісу облысынан жағымды хабар келіп жетті. Талдықорған қаласында өтіп жатқан додаға қазақша күрес спорты бойынша облыс намысын қорғауға ауданымыздың қос мемлекеттік қызметшісі аттанған болатын. Сайыс нәтижесінде аудан әкімі аппаратының басшысы Бекбол Әбуов 74 келі салмақта ақтық сыңға дейін жетіп күміс жүлдеге ие болса, аудан әкімі Ринат Ибрагимов аса ауыр салмақ дәрежесінде қарсылас шақ келтірмей чемпион атанды.

Айта кетейік, қос балуан да жергілікті спортсүйер қауымға жақсы таныс. Бекбол Қуатұлын жұрт көптеген сайыстардың жеңімпазы ретінде білсе, Ринат Хисаұлы төртжылдықтың басты бәсекесі саналатын Олимпиада ойындарында екі мәрте өнер көрсеткен. Олар үлкен спорттан алыстағанымен бабында жүргендерін дәлелдеп берді.

Осылайша, 1 алтын және 1 күміс жүлдемен Атырау облысы командасы жалпы есепте бірінші орын алды.

А.Есжан

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT