Мақаттық жас дзюдошылардың күнделікті жаттығулары бұл жолы өзгеше екпінде болды. Себебі, олар дзюдодан еліміздің тұңғыш әлем чемпионы Максим Раковпен кездесті.
Аудан әкімі Ринат Ибрагимовтың қолдауымен ауданға ат басын бұрған дзюдошы жас ізбасарларға өз кеңесін айтып, қиындықтардан қорықпауға, арманға ұмтылуға және үнемі даму үшін ерінбей еңбек етуге шақырды.
Кездесу барысында Максим Раков шеберлік сабағын өткізіп, дзюдо үйірмесінің шәкірттеріне жаттығу әдістерін үйретті. Сондай-ақ жас өрендер кәсіпқой спортшыға өздерін қызықтырған сұрақтарды қойды.
Кездесу соңында жас дзюдошылар қолтаңба алып, дәстүр бойынша естелік суретке түсті.
Айта кетейік, Максим Раков - дзюдодан Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері, 2009 жылы Голандия елінің Роттердам қаласында өткен Әлем чемпионатының жеңімпазы.
Өз тілшіміз