Бүгін 21 мамыр мәдениет және өнер қызметкерлерінің күні. Осы ретте аудан әкімінің орынбасары Оксана Айкашева мәдениет қызметкерлерін қабылдады.
Жарқын кездесу барысында О.Жаңбырбайқызы өлкенің мәдениетіне үлес қосқан үздіктерге аудан әкімі Шәкір Кейкиннің Алғыс хатын табыстап, кәсіби мерекемен құттықтады. Сондай-ақ, жаңа жетістіктер мен шығармашылық табыстар тіледі. Алғысқа бөленгендердің бірі аудан абройын асқақтату мақсатында өнер жолында жетістікке жетсе, енді бір өңірдің әлеуметтік – экономикалық дамуына өз үлесін қосып келеді.
Құрметке ие болғандардың бірі - Р.Ғабдиев атындағы өнер мектебінің ардагер ұстазы Естай Ғинаятов. 50 жылға жуық мәдениет саласында қызмет еткен өнер иесі еңбегінің бағаланғанына ризашылығын білдіріп, алғысын жаудырды. Сый-құрметтің куәсі болған өзге де өнерпаздар жергілікті билікке лебіздерін білдірді.
Жылдағы үрдіс бойынша ауданымыз да өнер майданында қаншама үздіктер топ жарып келеді. Биыл облыстан бөлек республикалық өнер додаларында бас жүлде иеленгендер қатары артып отыр.
М.ІЗТҰРҒАНОВА
Суреттер автордікі